«Фотода көрсетілген жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта полиция департаменті бұл мәліметті таратушының жеке басын анықтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, бетін тұмшалап, екі азаматқа күш қолданған үш күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Видеодан алынған кадр15:14, 16 Қыркүйек 2022
Ақтауда жігіттерді ұрып-соққандар туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Ақтауда жігіттерді ұрып-соққандардың суреті мен олар туралы ақпарат таратылды. Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.