Полиция бөліміндегілердің айтуынша, баланың ата-анасы перзенттерін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан алып кетеді.
Бұл туралы мәліметтер прокуратураға жолданды. Баланың барлық қажетті құжаттарын көрсеткен соң оны ата-анасы алып кете алады, деп толықтырды ішкі істер департаментінің өкілдері.
Еске сала кетейік, жоғалған бала Ақтау қаласындағы 4 шағын аудандағы №41 үйдің алдынан 3 қыркүйек күні шамамен сағат 14-15-тер кезінде табылған болатын. Ата-анасынан айырылып қалған бала подъезде жылап отырған.