Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз аман-есен табылды

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтау қаласында орналасқан 6656-әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз бір күннен кейін табылды.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қатардағы жауынгер әскери бөлімге өзі келген.

«Қазіргі таңда сарбазбен жеке әңгімелесу жүргізілуде. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда әскери бөлімге қайтып келмеген сарбаздың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.