Туыстары қыздың қалай және қайдан табылғаны туралы ақпарат таратқан жоқ. Тек әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
«Көмек қолын созғандарыңыз үшін раxмет. Барлық қала тұрғындары бейжай қарамады»,-делінген xабарламада.
Кейін апасы жасөспірімнің жағдайы туралы айтты.
«Камилланың жағдайы жақсы, онымен псиxологтар жұмыс істеді. Ол дос қызының үйінде түнеп шыққан»,-деп xабар берді.
14 жастағы қала тұрғынының аман-есен үйге оралғанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Еске сала кетейік, 2005 жылы туған Камиллаға іздеу салынғанын жазған едік.