Ақтауда жол апатынан 5 адам зардап шекті
19:49, 08 Қаңтар 2020
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының 30-шы шағынауданында екі машина соқтығысып, салдарынан Тоуота Land Cruiser 200 көлігі жол шетінде аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті. Оның біреуі кішкентай бала.
«Апаттан зардап шеккен бес адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Екеуі дәрігерлердің тексеруінен соң үйлеріне жіберілді. Зардап шеккендердің дені жабық ми жарақатын алған. Қазір жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,- деп мәлім етті МО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Екі көлік те айыптұрағына қойылды.