Ақтауда жол көлік апатына түскен оқушылардың бірінің жағдайы тұрақталды

Фото: Фото: Pixabay.com

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсы. Есін біледі. Өздігінен дамалады. Өзі ас-суын ішіп отыр. Сондықтан оны жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстыру жоспарда. Ал, 12 жастағы екінші жеткіншектің жағдайы ауыр.

— 2013-жылы туған баланың жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Геодинамика тұрақсыз. Вазапрессорлық қолдау көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын Ақтауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті. Оқушылар жаяу жүргінші жолағы арқылы өтіп бара жатқан болатын.

Осы жағдайдан кейін, оқиға болған жерге көлік жылдамдығын баяулататын жасанды жол кедергісі орнатылды.