АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсы. Есін біледі. Өздігінен дамалады. Өзі ас-суын ішіп отыр. Сондықтан оны жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстыру жоспарда. Ал, 12 жастағы екінші жеткіншектің жағдайы ауыр.
— 2013-жылы туған баланың жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Геодинамика тұрақсыз. Вазапрессорлық қолдау көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын Ақтауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті. Оқушылар жаяу жүргінші жолағы арқылы өтіп бара жатқан болатын.
Осы жағдайдан кейін, оқиға болған жерге көлік жылдамдығын баяулататын жасанды жол кедергісі орнатылды.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.