АҚТАУ. KAZINFORM – Кеше Ақшұқыр ауылында мектеп оқушылары автокөлікті айдап кетіп, жол көлік апатына түскен болатын. Екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Көлікте тағы екі оқушы болған. Олар ауруханаға жеткізілен еді.
— Бір оқушының жағдайы ауыр. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір оқушыға медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілді, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.