Ақтауда жол талғамайтын көлік аударылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Chevrolet Niva жүргізушісі бордюрге соқтығысып, соның салдарынан машина бір бүйірімен аударылып қалған. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды lada.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні күндіз 2 және 6шағын аудандар аралығында тасжолда болған.

Жол апаты болған жерге полиция аға сержанттарыЖеңіс Оспанов пен Асхат Шалғымбаев барды. Олар апат куәгерлерімен біргеChevrolet Niva жүргізушісіне көмектескен.

Ведомствоның дерегі бойынша, көлікте текжүргізуші ғана болған. Ол жеңіл жарақат алған.

Ер адам рөлді басқара алмай қалғаны анықталды.Ол мас болмаған.

Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты ҚРӘкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жолжүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарыныңнемесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заңбұзушылығы» бойынша хаттаматолтырылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (50500 теңге) айыппұлсалынады немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айырады. Іс материалдары Ақтауқалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Ер адам зақымдалған жиектасты өз есебіненқалпына келтіреді.

Соңғы жаңалықтар