Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының жалпы және видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Мұқанов айтты.
«Әйелдің асқазаны жарылған. Жарасы тігілді. Жағдайы орташа ауыр халде, қазір біздің бөлімде жатыр. Өз күшімен тыныс алуда. Ауруханаға түскен кезде әйелден алкогольдің иісі шығып тұрды», - деп мәлімдеді Талғат Мұқанов.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.