Ақтауда жүргізуші үш жүргіншіні қағып кетті, олардың екеуі - балалар
10:22, 27 Қараша 2009
АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат - Ақтауда «ВАЗ» автомашинасының жүргізушісі үш жүргіншіні қағып кетті, олардың екеуі - 2 және 3 жастағы бүлдіршіндер,
деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бұл оқиға кеше кеште болды. Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.