Ақтауда жылу желісі апатына қарсы оқу-жаттығу өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында республикалық командалық-штабтық жаттығу аясында жүргізілген аварияға қарсы жаттығу өтті, онда облыстың мемлекеттік коммуналдық және авариялық қызметі суық ауа райында Ақтау қаласының 3 шағын ауданында төрт үйдің жылусыз қалуына себеп болған істен шыққан жылу желілерін 3 сағатта жөндеп шықты.

Жаттығу орнына 6 техника (экскаватор, кран, ассенизатор және т.б.), шұғыл жөндеу командасы, облыстың ЭТКШБ «Каспий жылу, су арнасы» МҚК, Ақтау қаласы ТЖБ  қызметкерлері тартылды.
 

«Тактикалық мәні бойынша басшыға 9.30-да №3 шағын аудандағы үйде жылу жүйесі бұзылғаны туралы өтінім түседі. Артынша жұмыстың күрделілігін айқындау үшін ТЖ мамандары оқиға орнына барады.  Жылу жүйесіндегі апат салдарынан 4 үй жылусыз қалғаны анықталды. Жедел топ жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылуды ажыратуға кіріседі.
 

Тұтастай, жөндеу жұмыстарына 3 сағат кетті, жөндеп болған соң жылумен жабдықтау жүйесі іске қосылып, үйлерге жылу жіберілді», - деді ТЖБ бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Алмаз Ысқақов.
 

Жаттығу барысында жоспар бойынша қарастырылған учаскені абаттандыру мәселесі пысықталды.