«Жылы» жағажайы қараусыз болатын. Жағаға жету үшін ондаған метр тікенекті жырадан өту қажет болған. Жағажай еш уақытта абаттандырылмаған, бұл жұмыс биыл сәуірдің басында алғаш рет қолға алынды.
Жұмысты «Қала жолдары» ЖШС коммуналдық ұйымының күші жүргізуде. Екі бульдозер аумақты тегістеп жатыр.
«Қалалықтар осы жағажайда демалғанды ұнатады, сондықтан да оларға жайлы болғанын қаладық. Бұрын құмның орнында жай топырақ болған. «Қала жолдары» техникасы мен қызметкерлері жеке қаражаты есебінен жұмыс істеуде. Бұл шараға арнайы қаражат бөлінбеген. Жағаның ұзындығы 2.5 шақырым. Жұмыс 15 мамырда аяқталады», - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Үркен Бисақов.