Ақтаудағы шағын ауданда үйдің шатырынан ер адамның денесі табылды
12:11, 22 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданның 34-ші үйінде болды. Ер адамның денесі жапсыра салынған үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды lada.kz.
Әлеуметтік желілерде бейнежазба пайда болды – оның кадрларында тіршілік белгісі жоқ ер адамның денесі бейнеленген.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.
Алдын ала шамалау бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.