Басқарма таратқан ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысы — еліміздегі сұйытылған мұнай газының (СМГ) ірі тұтынушыларының бірі. Өңірдің ай сайынғы тұтыну көлемі 18000 мың тоннаны құрайды.
Облысқа СМГ өнімінің негізгі бөлігі өлкедегі Қазақ газ өңдеу зауытынан жеткізіледі, ал жетіспейтін көлем Атыраудағы зауыттан бөлініп отыр.
Бұдан бұрын сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі бірнеше рет ұзартылған еді.
Шілдеде Ақтөбеде де сұйытылған газға кезек көбейгенін жазғанбыз.