Ақтаудағы ұшақ апаты: астаналықтар қан тапсырып жатыр

Фото: Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалықтар Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде жаппай қан тапсырып жатыр. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық басқармасы растады.

Ақтаудағы қайғылы оқиға елордалықтарды бей-жай қалдырмады. 

Қанды қабылдау Астанадағы Керей Жәнібек көшесі 10 мекенжайында орналасқан республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында жүріп жатыр. Қанды таңғы сағат 8:00-ден сағат 17:30-ға дейін тапсыруға болады. 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 543 241, 543 246.

Бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясын ұсынған едік. 

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден 4 адамның денесі табылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты. 

Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасымен әуе апатына байланысты Мемлекеттік комиссия құрылды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.