Ақтаудағы демалыс аймағында Каспий теңізіне 22 жастағы жігіт батып кетті

None
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында орналасқан «Нұрплаза» демалыс аймағында Каспий теңізіне жас жігіт батып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ ақпараты бойынша, қайғылы оқиға дүйсенбі, тамыздың 16-сы күні кешкі сағат 22.00 шамасында болған. 22 жастағы жігіттің денесін сүңгуірлер іздеу үстінде.