Ақтаудағы газ тапшылығы проблемасы шешімін тапты
Бұдан басқа, жергілікті билік қосымша Ақтөбе облысынан 2 мың тонна газ әкелуді шешті. Алғашқы 600 тонна газ құйылған 18 вагон жолда келе жатыр. Қазір вагондар Маңғыстау облысының Бейнеу стансасында, ертең таңертең 10-да Маңғышлақ стансасына келеді. 20 мамырда таңертеңгі сағат 9-да тізім бойынша кәсіпкерлерге газ таратылады.
«Облыста газ станциясының жоқ екендігін айтқым келеді. Өңірде газ сату жұмыстарымен айналысатын ұйымның ҚР Энергетика министрлігінен берілген лицензиясы болуы шарт. Ақтөбе облысы аумағында осындай қызметті жүзеге асыратын ұйым анықталды», - деп атап өтті Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.
«1 тонна газдың көтерме бағасы 28 мың теңгені құрайды, оның бағасын ҚР Энергетика министрлігі белгілейді», - деді В. Мұстапаева.