Ақтаудағы итбалықтардың адамға шабуылдауына экологтер түсінік берді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда өткен аптада суда шомылып жүрген 3 адамды итбалық тістеп алды. Теңізде тіршілік ететін аңдардың бұл әрекетіне экологтер түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Итбалықтардың шабуылына ұшырағанның бірі 33 жасар жігіт болса, екеуі – қыз бала. Олардың денелерін су ішінде байқаусызда келіп итбалық тістеп, жарақат салғанын жазған едік.

«Адамдарды тістеген итбалықтың күшігі болса, онда ол қорыққаннан сондай әрекетке барды деуге болады. Өйткені көктемде өмірге келген төлдер адамдармен жақын келгенде қорғанған болуы мүмкін. Ал тістеген үлкен итбалық болса, құзырлы орындардың назар аударғаны дұрыс. Оларға жыл жасайын мониторингілік-бақылау жұмыстарын жүргізіп тұруды ұсынамын», - деді тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақов.

Жалпы эколог теңіздің жағасында өскен бала ретінде итбалықтардың адамдарға шабуылдауы әуелден бар екенін айтады. Анасының үнемі итбалық тістеп алмасын деп ескертіп отыратынын есіне алды.



Кадр из видео/astanatv.kz