Өңірдегі ірі мұнай компаниясы мерейтойына орай 30 тамыз күні теңіз жағалауындағы амфитеатрға концерт өткізген. Республикаға танымал әнішілер өнер көрсеткен концертті тамашалауға барғандардың қатары көп болған. Іс-шараны көруге барған 200-ден астам баланың адасып қалғаны туралы полицейлерге хабарлама түсті.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 200. Адасып кеткен балалардың ең кішісі 3-те, үлкені 15 жаста болды. Олардың барлығы табылып, ат-аналарына аман-сау тапсырылды. Ауа райының салқындауына байланысты жеткіншектер тоңып қалмау үшін автобуспен жақын маңдағы учаскелік полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды іздеп, табу 15 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақытты алды», - делінген баспасөз мәліметінде.