Хабарламада мамырда қытайлық кәсіпкерлердің кремний зауытын салуды бастайтыны айтылған. Оның авторларының сөзіне қарағанда, бұл қала тұрғындарының денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады.
Маңғыстау облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы бұл хабарламаға түсінік берді.
«Бұл жалған ақпараттардың бірі. Ондай жоба жоқ», - деді облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Тілеген Едігеев.
13:44, 29 Сәуір 2018
Ақтаудағы кремний зауытының құрылысы туралы ақпарат жалған болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде кремний зауытының құрылысы туралы ақпарат тарап жатыр. Маңғыстау облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы ақпаратты растаған жоқ, деп жазады «Лада» басылымы.