Ақтаудағы Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот отырысында бүгін үш жәбірленушіден жауап алынды

None
АҚТАУ. 10 cәуір. ҚазАқпарат.  -    Бүгін Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты өтіп жатқан кезекті сот процесі жәбірленушілерден жауап алумен басталды. Бүгін 3 жәбірленушіден жауап алынды.

2012 жылғы 9 сәуірдегі сот отырысы барысында сотталушы Е.Әбдірахмановтың қорғаушысы сотталушының сырқаттануына байланысты оны бұлтартпау шарасын «қамаудан» «ешқайда кетпеуге» өзгерту туралы өтініш берген болатын. Аталмыш өтінішті қарау барысында тергеу абақтысының медициналық бөлімінен қосымша анықтама алынды. Осы құжатты зерттеу барысында облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің орынбасары И. Қадырәлиев шақырылып, одан сотталушы Е.Әбдірахмановтың денсаулығына байланысты жауап алынды. Сот отырысында дәрігер сотталушы Е.Әбдірахмановтың денсаулық жағдайы оның сот отырысына қатысуына ешқандай кедергі келтірмейтіндігін көрсетті.

Содан соң сот отырысы сотталушы Қалиевтен жауап алумен одан әрі жалғасты.

Адвокаттардың өтініші бойынша сот оларға дайындалу үшін тиісті уақыт берді. Осыған байланысты 10 сәуірде түстен кейін сот отырысы өткізілген жоқ.

Сот талқылаулары барлық процеске қатысушылардың құқығын сақтай отырып, қалыпты жағдайда өтуде.

Келесі сот отырысы ертең сағат 10.00-де өткізіледі.