Оқиға 4 тамызға қараған түнде, 4-шағынаудандағы №3 үйдің алдында болған. Маңғыстау облысының Полиция департаментіжәне Денсаулық сақтау басқармасы оқиға жайлы толыққанды ақпарат берді.
4 тамызға қараған түнде Ақтау полициябасқармасының кезекші бөліміне бір топ адамның төбелесі туралы хабар келіптүскен. Оқиға орнына полиция жасағының 10 көлігі аттанған.
Екі жас жігіт сөзге келіп қалған. Салдарынан оныңбірі қарсыласының кеуде тұсына пышақ сұғып алған.
Күдікті сол күні анықталып, ұсталды.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы(«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгітергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті айыпты деп танылған жағдайда үш жылдан жетіжылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе сол мерзімге басбостандығы шектелуі мүмкін.
Пышақтан жараланған жас жігітті жедел жәрдемМаңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер ота жасап, жігіттіажалдан арашалап қалды.