Ақтаудан Астанаға екі әуе рейсі кешігуде
23:37, 02 Қаңтар 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтаудан Астанаға екі әуе рейсі кешігіп жатыр.
Астана әужайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, сағат 23.21-дегі жағдай бойынша ScatDV 742 Ақтау мен Air Astana KC 313 Ақтау рейстері кейінге шегерілген.