«Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген әскери қызметші тексеруден өту үшін жіберілген клиникадан қашып кеткен. Оған іздеу салынған еді. Ол 20 шілде күні кешкісін табылды», - деп хабарлады Батыс өңірлік әскери прокуратурасы.
Еске салсақ, сарбаз Сергей Пыхалов 6656 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. Ол Қарағанды облысынан шақырылды. Оның не себепті қашқаны әзірге белгісіз.