Ақтаудан ұшып келген ұшақ шассиінің шықпауы салдарынан Алматы әуежайына қона алмады

ТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - «СКАТ» әуекомпаниясының №732-ші «Ақтау-Алматы» бағытында қатынайтын «Боинг-737» ұшағы кеше таңертең бірден Алматының халықаралық әуежайына қона алмады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, оған ұшақтың алдыңғы шассиінің шықпай қалуы себеп.

Әуе кемесі қонар алдында Алматыны 20 минут бойы айналып ұшып жүрді. Оның бортында экипаждың 5 мүшесі мен 108 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.