Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Иран азаматы есірткі контрабандасы, сондай-ақ оларды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
— Анықталғаны 2026 жылғы мамырда сотталған азамат «Горган — Ақтау» бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып асқазанда тасымалдаған, бұл Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді, — делінген хабарламада.
Мемлекеттік айыптауды облыс прокуратурасы қолдады.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетелік Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасының жолын кескен еді.