Ақтауға аққулар келді
01:10, 10 Қараша 2019
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауға биыл аққулар ерте келді, деп хабарлайдыь ҚазАқпарат mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін аққуға асыққан ақтаулықтар теңіз жағасына жиналды. Олар киелі құсқа нан беріп, суретке түсіп үлгеруді әдетке айналдырған. Ал шағалалар аққулар лақтырылған нанға таласып, қағып алып жатты.
Аққу құстың ерте келіп, теңізде еркін жүруін ақтаулықтар жақсылыққа балап отыр», делінген хабарламада.
Өткен қыста Ақтауға аққулар қайтар айының басында кешігіп келген еді.