Ақтауға бет алған «Жібек жолы» кемесінің механигі жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның құрғақ жүк флотының қатарына қосылатын Санкт-Петербордан Ақтауға бет алған жаңа кеменің механигі жоғалып кетті. Бұл туралы Ресей ТЖМ, Солтүстік-батыс көлік прокуратурасы, Санкт-Петербор Теңіз және өзен көліктері ЖІІБ хабарлады.

Кеме капитанының айтуынша, механикті олар соңғы мәрте 9-қыркүйекте Ладожский көлінде келе жатқанда көрген. Экипаж кемені тінтіп шыққанымен қызметкер табылмаған, деп хабарлайды lada.kz.

«Жібек жолы» кемесі Подпорожский портына аялдаған (Ленинград облысындағы Свирь өзенінің 1 054 км)

Экипаж мүшесін іздеуге Ресей ТЖМ-ның бес құтқарушысы мен бір техникасы жұмылдырылған. Алайда іздестіруден нәтиже шықпады.

Фото: lada.kz