Теңіз астындағы тазалық жұмыстарын сүңгуір жиі жүргізгенімен, әлеуметтік желіге көп жарияламайды екен.
Қанат Абдиевтің айтуынша, теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық өнімдер кездеседі. Сүңгуір тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырды.
- Ақтаулық сүңгуірлердің арнайы чаты бар. Тазалық жұмыстарын тек мен ғана емес, басқа сүңгуірлер де жүргізеді. Жалпы, теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық бөтелкелер, полиэтилен пакеттері жиі кездеседі. Су астында 8-10 метр тереңдікте жатқан қоқыс тазаладым. Бұған дейін теңіз түбін тазалағаннан кейін, осы жолы 1 қап қоқыс шықты. Барша тұрғынды қоршаған ортамызға құрметпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамын, - деді Қанат Абдиев.
Сүңгуір мамандығына қойылатын қандай талаптар бар ? Қиын сәттерде олар қалай шешім қабылдайды? Kazinform тілшісі кейіпкермен оның жұмысы жайында ой бөлісіп көрген еді.