Ақтаулық бойжеткен азаматтығын қайтарғаны үшін Президентке алғыс айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласының тұрғыны Диана Степина өзіне ҚР азаматтығын қайтарып беру туралы шешімі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы күздеҚазақстан азаматтығынан бас тарту туралы арыз жазған едім. Ол кезде кәмелетжасқа толмаған едім, салдары не боларын тіпті ойламадым. 2019 жылдың 11маусымында көші-қон полициясынан хабарласып, менің ҚР азаматтығынан шығуымтуралы Жарлық шыққанын айтты. Екі күн бұрын ғана сайлауға барып, Тоқаевқа дауысберіп едім», - деп жазды Диана өзінің Instagram парақшасына.

Диана көші-қонполициясынан телефон қоңырауын күтпегенін жазды.

«Сонда ғана өзімніңойланбай қадам жасағаныма өкіндім. Біз тіпті өзге елдің азаматтығын алуғаөтінім де жазған жоқ едік. Қазақстан – менің Отаным, менің бүкіл өмірім ғажайыпАқтау қаласымен тығыз байланысты. Менің әкем орыс, анам қырғыз. Мен өзімніңтуған қаламды сүйемін, осында «Дарын» мектебінде оқыдым. Көші-қон полициясыхабарласқан күні-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа виртуалды түрде хабарласып,азаматтығымды қайтаруды сұрадым. Міне, бір айдан кейін жағымды жаңалық келді.Президент менің азаматтығымды қалпына келтіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осыкүнді қатты күттім. Менің хатыма жауап бергеніңізге қуаныштымын. МеніҚазақстанда жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенемін», - деп жазды бойжеткен.

Айта кетейік,Ақорда сайтында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды. Онда республика азаматтары жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлімәселелерді жаза алады. Әрбір хат ресми тіркеледі, оны Президент пен Әкімшілікқызметкерлері қарастырады.


Соңғы жаңалықтар