Борышкерлерді мәжбүрлеу үшін құзырлы орган сотқа жүгінді. Нәтижесінде биыл өткен жылға қарағанда бюджетке 45 млн теңге көп түскен. Қазір облыс орталығында 41 мыңнан астам автокөлік бар. Соның 14 мыңының салығы төленбей отыр. Мамандар жол полициясымен бірлескен рейдтік тексерулер арқылы салықтан жалтарған жүргізушілерді анықтап жатыр.
«Президентіміздің бұйрығы бойынша салықтық рақымшылық қағидасы бекітілді. Салық төлеуші егерде салықтың негізгі суммасын төлесе, өсімпұл суммасы алынып тасталады»,-дейді Ақтау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бекболат Байдарбеков.