Ақтаулық оқушылар халықаралық байқауда үздік атанды
02:28, 11 Қаңтар 2023
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтаудағы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен халықаралық байқауда топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түрік елінің төрінде өткен халықаралық байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өнерпаз қатысқан. Солардың ішінде эстрадалық вокал номинациясы бойынша «Жұлдыз» ансамблі мен жеке орындау бойынша Бекболат Жұмабай бас жүлдені жеңіп алған. Байқауда Арай Табылды 1-орын алды», - деп мәлім етті Ақтау қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінен.