«Осылай безендіруге подъездердің сұрықсыз келбеті әсер етті. Қара бояумен салынған, сызылған түрлі жазулар да бар. Сосын өз қолыммен безендіруге кірістім. Әктеп, сырлап, кафельдерді жабыстардым. Картиналарды тауып алып келдім. Қазір өзімнің жасағаныма жалғыз мен емес, көршілерім де дән риза. Себебі, әр адам үйіне келгенде көңіл күйі көтерілуі керек. Енді қарасаңыз, бір демалып қаласыз»,- дейді Сергей Наумов.
Автор Сергей Наумовтың айтуынша, одан «Бұл үй қонақ үй ме?» деп сұрағандар да болыпты. 1 жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ерекше үлгіде безендірген Сергей Наумовтың еңбегіне көршілері де риза.