Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Лада 2113» автокөлігінің салонынан бекіре тұқымдас балық салынған төрт қап тапты, олардың жалпы салмағы 65 келі. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай -ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген баспасөз хабарламасында.
13:53, 28 Қазан 2020
Ақтаулық жүргізушінің көлігінен заңсыз ауланған 65 келі бекіре балығы табылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 65 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.