«Эйфория» телехикаясының жұлдызы, америкалық актер Ангус Клауд 25 жасында Калифорния штаты Оклендтегі үйінде қайтыс болған.
Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Актер өткен аптада Ирландияда әкесін жерлеп, оның өліміне қатты қайғырғаны айтылады.
«Ангус денсаулығындағы психикалық проблемалар туралы ашық айтатын. Оның қазасы басқаларға ескерту болады деп сенеміз. Адамдар өздерінің жалғыз еместігін, үнсіз қиналмауы тиіс екендерін білулері керек», - делінген актер отбасының мәлімдемесінде.
Айта кетсек, Клауд HBO танымал драмасының 17 эпизодында Феско есімді есірткі саудагерін сомдаған.