Актер дарға асу сахналық көрінісінен кейін есінен айырылып, көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық актер Рафаэль Шумахер «Сағым» спектакліндегі дарға асу көрінісінен кейін есінен айырылып, көз жұмды, деп хабарлады Газета.ру «Би-би-си» басылымына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Пизадағы Lux театрында болды. Көрермендердің бірі жағдайды байқап қалып, көмекке ұмтылды, 27 жастағы Шумахер ауруханаға жеткізілді.

Актердің жағдайы барған сайын ауырлап, емдеуге мүмкіндік бермеді, дәрігерлер пациенттің миына зақым келген деген қорытындыға келді.

Туыстары мен жергілікті прокуратура өкілдері әртістің органдарын донорлыққа алуды мақұлдады. Актердің анасы мен достары оның өзін-өзі өлтіруін жоққа шығарады.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары оқиға болған театрдағы техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруде.