Бүгін Мәскеудің Щёлковский ауданындағы Загорянский коттедждер қалашығында «Тойота-Хайлендер» автомобилі «Газельмен» соқтығысты. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында актер Николай Караченцов отырған.
Әртістің жұбайының айтуынша, Николай Караченцов қазір ауруханада.
«Барлығы жақсы, бәрі аман-есен, - дейді қазір күйеуінің қасында жүрген Людмила Поргина. - Николай Петрович ауруханаға жатқызылды».