ТБИЛИСИ. ТАСС-ҚазАқпарат – Танымал актер Вахтанг Кикабидзе 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «ТАСС» агенттігі Грузияның «Мтавари архи» телеарнасына сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кикабидзе 1938 жылы шілдеде дүниеге келген. 1978 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1980 жылы Грузияның халық әртісі атағы берілді.
Ол кеңестік және грузиялық кино саласында ондаған рөл сомдады. Кең танылған рөлдерінің бірі - Георгий Данелияның «Миминосындағы» Валико Мизандари.
2020 жылдан бері Вахтанг Кикабидзе Грузия парламентінің депутаты болған.
Фото: mtavari.tv
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.