Дәрігерлердің хабарлауынша, бүгінде 10 айға толған калифорниялық қыз аталған вирустан толығымен арылған сияқты. Оны шұғыл арада терапиялық араласу емдеу әдісінің сәтті жүзеге асырылғандығы дәлелдей түседі. Ғалымдардың пайымынша, вирус адам ағзасына нақты сіңгенше жойып жіберу өзі жемісін беріп отыр.
Өткен жылы да ғалымдар дәл осындай емдеу тәсілімен Миссисипи штатында дүниеге келген қызды емдегендіктерін жария еткен болатын.
Зерттеушілердің бірінің сөзіне қарағанда, АҚТҚ вирусымен дүние есігін ашқан 50 сәбиге клиникалық сынақ алдағы 3 айдың ішінде басталмақ.