деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында «Ақтөбе» Исландия чемпионы «Хафнарфьордюр» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Исландияда өткен бірінші ойын 4:0 есебімен біздің футболшылардың пайдасына шешілген болатын. Осылайша қос кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен «Ақтөбе» келесі кезеңге жолдама алды.
Енді үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» Израильдің «Маккаби» (Хайфе) клубымен кездеседі. Бірінші ойын шілденің 28-інде Ақтөбеде, қарымта ойын тамыздың 5-інде Хайфеде өтеді.