Ақтөбе әкімдігі халық саны 50-ге жетпейтін ауылдарды атады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Тізімге кірген 30 ауылдың көбі Хромтау, Қобда және Мұғалжар аудандарында орналасқан. Халық саны ең аз ауылда 7 адам тұрады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, Хромтау, Мұғалжар, Байғанин, Темір, Мәртөк, Шалқар, Қобда, Қарғалы және Ойыл аудандарындағы 30 ауыл осы тізімге енді. Осының ішінде Хромтау ауданының Көктөбе ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылында 7 адам тұрады. Одан әрі Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округінің 53-разъезд елді мекенінде 8 адам қалды. Байғанин ауданының Ақтал ауылында 12, ал Мұғалжардың Құмсай ауылында 13 адам тұрады.

Хромтаудың Ойсылқара, Ақтасты, Тассай, Жайлаусай ауылдарында, Темір ауданының Бәшенкөл, Байғаниннің Жыңғылдытоғай, Мәртөктің Жездібай, Шалқардың Ақеспе, Қобданың Қанай ауылдарында адам саны 30-ға жетпейді. Ал 11 ауылда адам саны 40-48 аралығында. Барлығы 30 ауылда бар болғаны 950 қалды. Көбі мал шаруашылығын кәсіп етіп, тұрақтап қалған.

Фото: Ақтөбе әкімдігі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбедегі адам саны аз елді мекендердің тұрғындарын жаппай көшіру немесе оларды тарату жөнінде бекітілген жоспар жоқ. Елді мекендерді таратпай ұстап тұру үшін тірек ауылдарға бекітті.