Ақтөбе әкімдігі келесі аптада жұмысты жарты сағатқа ерте бастайды
22:37, 16 Сәуір 2025
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Жұмыс кестесі 21-сәуірден бастап өзгереді.
Ақтөбе облысы әкімінің өкімі шыққан. Онда жаңа жұмыс кестесі бектілді.
- 21 сәуірден бастап облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар және Ақтөбе қаласының әкімдігі жаңа жұмыс тәртібіне көшеді. Жұмыс уақыты белгіленді. Жұмыс уақыты сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін. Ал түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін,- деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, 20 наурыздан бастап Өскеменде мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов мәлім етті.