Ақтөбе – Астана бағытына жазғы маусымдық пойыз қатынайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Жолаушылар тасымалы» АҚ 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында Ақтөбе – Астана бағытында №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады.
ҚТЖ дерегінше, пойыз күн ара қатынап, жолаушыларға демалыс кезеңінде ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.
Пойыз кестесі:
Ақтөбеден жөнелтілуі: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде; 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.
Астанаға (Нұрлы жол) келуі: 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде; 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз.
Астанадан (Нұрлы жол) жөнелтілуі: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде; 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз; 1 қыркүйек.
Ақтөбеге келуі: 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде; 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз; 2 қыркүйек.
Пойыз құрамында 12 вагон (6 купе, 6 плацкарт) бар. Барлық вагон кондиционермен жабдықталған және пойыз 500-ден астам жолаушыны тасымалдауға есептелген.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.
Айта кетейік, шілдеден бастап «Астана-Бурабай» бағытында жаңа электр пойызы қатынайды.