Ақтөбе әуежайы ашылды
22:54, 27 Наурыз 2024
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - ТЖМ күшімен Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді.
Министрліктің мәліметінше, күні бойы әуе айлағының аумағында Ақтөбе өңірінің құтқарушылары су айдау жұмыстарын жүргізген. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде облыстық маңызы бар автожол учаскесін жасанды түрде жарып жіберді.
Бұл жинақталған еріген суды ағызуға мүмкіндік берді. Себебі баламалы айналма жол бар. Қазір рейстер жаңартылды.
Ақтөбенің халықаралық әуежайы бүгін таңда жабылғанын жазған болатынбыз.