«Ақтөбе» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтсе қай командамен кездеседі

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM - «Ақтөбе» футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алған жағдайда қай командамен кездеседі. Бұл туралы жеребе қорытындысынан анық байқауға болады. 

Алдымен қазақстандық клуб бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» (Варшава) клубымен кім мықтыны анықтайды. Ойындар 10 және 17 шілдеге жоспарланған. 

Бұл жұпта жеңімпаз болған клуб Чехияның «Баник» клубымен шеберлік байқасады. Бірінші ойын 24 шілдеге, жауапты кездесу 31 шілдеге жоспарланған.

Еуропа лигасынан шығып қалған жағдайда «Ақтөбе» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне түседі. Онда «Спарта» (Чехия), «Шарлеруа» (Бельгия), «Рига» (Латвия), «Силькеборг» (Дания) немесе «Нымме Калью» (Эстония) мен «Партизани» (Албания) жұбының жеңімпазымен кездесуі мүмкін.

Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды. 

Олар алдымен Словенияның «Олимпия» командасымен кездесесе, келесі кезеңге шыққан жағдайда КуПС (Финляндия) мен «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.

Енді Конференция лигасында «Ордабасы» мен «Астананың» екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болады.