Ақтөбе ферроқорытпа зауытында локомотив думпкармен соқтығысып, машинистің көмекшісі зардап шекті
10:15, 17 Ақпан 2013
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы ферроқорытпа зауытында 17 ақпанда 05 сағат 45 минутта төтенше оқиға болды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағанай, маневрлік жұмыстарды өткізу кезінде локомотивтің думпкармен (өздігінен түсіретін жартылай вагон) соқтығысуы салдарынан машинист көмекшісі жарақаттанды. 51 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.