Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
10:28, 02 Мамыр 2013
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы ажал құшты.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 30 сәуір күні Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 павильонды цехында монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында 46 жастағы жұмысшы 17 метр биіктіктен құлап кетті. Оралдық «Имстальком» фирмасының қызметкері ауруханада жан тәсілім етті.