«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры 700 мың теңге моральдық шығынды өндірді
«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін жазаланып, кейін Жоғары сотта ақталып шықты. Сот үкімін қолына алған экс-бас директоры Д.Васильев №2 Ақтөбе қалалық сотына арыз түсірді. Ол жұмыс орнына қайта келіп, «Ақтөбе» ФК басқаруды қалады. Әрі тәркіленген мүлкі мен есепшотын қайтаруды талап кетті. Сот қызметіне қайта орналасу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Ал есепшоты мен барлық жинаған қаржысы өзіне берілді.
Кейін Дмитрий Васильев №2 Ақтөбе қалалық сотына азаматтық арыз түсіріп, 1 миллиард теңге моральдық шығынды талап кетті.
Бүгін судья Айгүл Қаражанова 700 мың теңге моральдық шығынды ҚР Қаржы министрлігінен өндіруге шешім шығарды. Сонымен қатар, сот отырысы кезінде жолақыға жұмсалған 195 мың теңгеден астам қаржының өндірілетіні белгілі болды. Бұл шешіммен Дмитрий Васильев келіскен жоқ. Ол Жоғары сотқа дейін баратынын жеткізді.