«Ақтөбе» футбол клубы украиналық бапкермен қош айтысты
АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы маусымдағы сәтсіз ойындары үшін «Ақтөбе» командасының бас бапкері Игорь Леонов қызметінен кетті.
Ақтөбелік клуб украиналық маман Игорь Леоновпен келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады. Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол отбасылық жағдайын байланысты жұмыстан кету туралы өтініш берген.
Айта кетсек, «Ақтөбе» Қазақстан кубогының 1/8 финалында елордалық «Жеңіске» 0:1 есебімен жол берсе, одан кейін Қазақстан чемпионаты бесінші турында қостанайлық «Тобылдан» жеңіліп қалды.
Игорь Леонов «Ақтөбе» футбол клубымен бірге 2024 жылы Кубок иегері атанса, Премьер лигада қола жүлде алды.
2006-2024 жылдар аралығында ол украиналық клубтарда түрлі қызметте болды.
Еске салсақ бұдан бұрын беларусьтік маман Александр Бразевич «Қызылжардың» бас бапкері қызметінен кетті.